Каспий саммитінде тарихи шешім қабылданбақ

0
87

Мемлекет басшысы Ақтауда өтетін Каспий саммитінің маңызын мәлімдеді.

“Соңғы 20 жылда біз Каспий теңізіндегі барлығымызға ортақ жұмыстардың мәселелерін шешу үшін келіссөздер жүргізіп, өз позициямызды келістік. Бұл кеме қатынасы, ресурстар, биологиялық ресурстар мен одақтас мемлекеттермен сауда қатынасын сақтау”, – деді Назарбаев.

“Бүгінде осы мәселелердің барлығы шешілген. Біз ертең тарихи шешім болады деп күтеміз. Барлығымыз үшін өте маңызды сәт”, – деді Қазақстан Президенті.

Tengrinews.kz жазғандай Ақтаудағы саммит барысында Каспий теңізі құқықтық мәртебесі туралы Конвенцияға қол қойылады деп жоспарланған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз