Кеңестік «Молния» спутнигі 25 қазанда жерге құлауы мүмкін

0
60

Салмағы 1,5 тоннаны құрайтын «Молния 1-44» кеңестік коммуникациялы жер серігі атмосфераның тығыз қабаттарына түсіп, жерге құлауы ықтимал деп мәлімдейді франсуз астрономы Жозеф Реми. Интерфакс

Жозеф Ремидің мәліметінше, Батыс астрономиялық агенттіктері хабарлағанындай, алдағы уақытта 1979 жылы шілде айының аяғында іске қосылған ғарыш аппараттарының қалдықтары Оңтүстік Атлантикада Рио-де-Жанейродан 500 км батысқа қарай қашықтыққа құлайды деп болжануда.

Өткен аптада АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігінің мамандары «Молния 1-44 байланыс спутнигі көлемінің үлкендігіне байланысты атмосфераның тығыз қабаттарында толық өртенбей 20-қазанда жерге жақындауы мүмкін, десе де нақты құлау орыны анықталмады» деген деректерді ұсынған болатын.

Сондай-ақ қараша айында 1982 жылы шығарылған, салмағы 1,7 тоннаны құрайтын Космос-1345 ғарыш кемесі құлайды деп күтілуде.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз