Коронавирус жұқтырған азамат Нұр-Сұлтан сотының төрағасы болуы мүмкін

0
112

Қазақстанда алғаш коронавирус жұқтырған азамат Нұр-Cұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев болуы мүмкін. Бұл туралы Ербол Еділов Telegram парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Тілектес Бәрпібаев Берлиндегі дипломат ұлымен жолығуға барғанда вирусты жұқтырған.

Photo: @yedilovonline

Telegram желісіндегі басқа да танымал арналар судьяның бүкіл отбасындағылар мен сот төрағасымен бірге ұшақта отырғандар, сондай-ақ Бәрпібаевпен байланыста болған барлық адамдардың ауруханаға карантинге жатқызылғанын хабарлап жатыр.

Бірақ Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты растамады.

“Сыртқы істер министрлігінен “Германияда жүрген азаматымыз коронавирус инфекциясын жұқтыруы мүмкін” деген ақпарат түскеннен кейін осы ұшақпен келген барлық 12 адамды біз карантинге жатқыздық. Осы адамдардың ішінде бір адамнан табылды”, – деген болатын Біртанов.

Еске салайық, бүгін денсаулық сақтау министрі Қазақстанда коронавирустың екі жағдайы тіркелгенін хабарлаған болатын.

Олардың екеуі де Германиядан келген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 коронавирусын пандемия деп жариялады.

Бір мезетте әлемнің көп еліне тарайтын індетті – пандемия деп атайды.

11 наурыздағы дерек бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 125 мыңға жуықтады. Қаза тапқандар 4500-ден асқан. Көз жұмғандардың көбі Қытайда (3158), Италияда (800-ден асты), Иранда (354). Қазірге дейін әлемде 67 мың адам дерттен айыққан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз