Әлемнің үздік елдері: Қазақстан қай қатардан көрінді?

0
114
дереккөзден

US News америкалық журналының нұсқасы бойынша Қазақстан 80 елдің ішінде 68-ші орынға иелік етті.

Тізімде Қазақстан Болгария мен Гананың ортасында орналасқан еді, бір жылдан кейін екі орынға алға жылжыды.

Журнал “Қазақстан ұлттық біртектілікті қалыптастыру, экономиканы диверсификациялау, улы қалдықтарды жою сынды бірқатар мәселелермен бетпе-бет келіп отыр. Құқық қорғау ұйымдары мемлекетті еркіндікті шектеуде айыптады”, – деп жазады.

Рейтинг әлемнің 20 мың респондентінің пікірі негізінде жасақталған.

Қазақстан Movers субрейтингінде жақсы нәтиже көрсеткен (29 орын). Мұнда респонденттер мемлекетті “керемет”, “тұрақты” және “алпауыт” атты параметрлер бойынша бағалаған.

Рейтинг авторлары мемлекеттің болашақ дамуының көрсеткіші бұл рейтинг арқылы көрінетінін алға тартады.

“Мәдени ықпал” субрейтингінде Қазақстан 0 ұпай алып, соңғы 80-ші орынға тұрақтаған. Ешкім мемлекетті “сәнді”, “керемет” әрі “бақытты” деп танымаған.

Әлемнің ең үздік мемлекеті ретінде рейтингте Швейцария көш бастады. Үздік бестік қатарына Жапония, Германия, АҚШ кірген. Рейтингті 80-ші орында Ирак түйіндеген. Ирактан жоғары Иран, Ангола, Сербия және Ливан. Ресей “Күш” көрсеткіші бойынша АҚШ-тан кейінгі  29-шы орынды иеленді. Қазақстанған көршілес өзге мемлекеттер рейтингке енбеген.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз