Ұлттық экономика министрлігінің Facebook-тегі парақшасын бұзды

0
105

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі Facebook желісінде ресми парақшасыз қалды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

“Біз Facebook әлеуметтік желісіндегі біздің ресми парақша бұзылғаны туралы бұрын берілген ақпаратты растаймыз. ҚР Ұлттық экономика министрлігі бұл параққа және ондағы ақпаратқа ешқандай қатысы жоқ”, -делінген хабарламада.

Айта кетейік, жақын арада ведомство осы әлеуметтік желіде (Facebook) ресми парақшасын ашатынын мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз