Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин ҰҚШҰ-ның Парламенттік Ассамблеясына қатысты.

0
47

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербургте Мариинск сарайында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Парламенттік ассамблеясына қатысты.

ҰҚШҰ-ға мүше меслекеттердің парламентшілерінің кезекті кездесуінде энергетикалық қауіпсіздік, гуманитарлық көмек, сондай-ақ мемлекеттік құпиялар туралы заңнамалар қарастырылды. Сонымен қоса қатысушылары ақпараттандыру саласында құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимыл туралы қылмыстық заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқыға салды.

Сондай-ақ Орталық Азиядағы ынтымақтастықты және аймақтық қауіпсіздікті заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етудегі парламенттердің рөлі мен ҰҚШҰ және Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ) Парламенттік Ассамблеясының өзара іс-қимылдары талқыға салынған мәселелер арасында маңызды рөл атқарды.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин терроризмге қарсы күрестің өзектілігін атап өтіп, парламенттік ұйымдардың өзара іс-қимылын одан әрі жандандырудың орындылығын айта кетті.

Сонымен бірге Н.Нығматулин ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының(ПА) келесі жылы ҰҚШҰ ПА-ның жұмыс жоспары бойынша лаңкестікке қарсы күресу үшін құқықтық базаны қалыптастыру бойынша тәжірибе алмасу мақсатында бірлескен кездесу өткізуді ұсынды.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз