Макрон Еуропалылығы үшін марапатталды

0
63
дереккөзден

Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропаны біріктіруге қосқан үлесі үшін Ұлы Карл жүлдесіне лайықты деп танылды. Марапаттау рәсімі Германияның Аахен қаласында өтті.

Жүлде лауреатына қатысты айтылған ресми мәлімдемеде Бесінші республиканың президенті «жаңа Еуропаға қатысты көрегендігі, еуропалық жобаларды ұйымдастыру, ұлттар мен ұлыстардың тығыз ынтымақтастығы мен жаңа Еуропа тәуелсіздігіне » қатысты идеялары үшін марапатталды деп жазылады.

Макронның өзі Еуроодақ экономикалық, қаржы мәселелерінде алға ұмтылу қажеттігін мәлімдеді, сондай Еуроодақты тығыз интегарцияға шақырды, деп жазады Euronews.

Ұлы Карл жүлдесін бұрынғы каролинг Империясының астанасында жыл сайын табыстайды. Лауреаттар мақтау қағаздары мен медаль иеленеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз