Мажарстан еліміздің студенттеріне арнап 200 білім грантын бөлді

0
89

Биылғы оқу жылынан бастап венгерлік жоғары оқу орындарында қазақстандық студенттер үшін 200 білім грантын бөледі. Студенттерге тегін медициналық сақтандыру мен жатақханада тұру мүмкіндігі қоса ұсынылған, деп хабарлайды Ortcom.kz.

Осыған байланысты Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасындағы Мажарстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Барани және ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директорының орынбасары Ақерке Абылайханның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

«Биыл ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырзаның қатысуымен Қазақстан Республикасы және Мажарстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25 жыл толуын мерекелеу аясында білім саласындағы ынтымақтастық туралы жаңа Келісімге қол қойылды», – дейді ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директорының орынбасары Ақерке Абылайхан.

Бөлінген гранттар бойынша ауылшаруашылығы, табиғи ресурстар, көркемөнер, машина жасау, гуманитарлық ғылымдар, педагогика, IT технологиялар, математика, құқық, мәдениет, туризм, музыка, славистика  қатарлы мамандықтар қамтылады.

Жадыра Аманбайқызы

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз