Мексикадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 226-ға жетті

0
73
ABC News

Мексикада сейсенбі күні болған жойқын жер сілкінісінен қаза болғандардың саны 226-ға жетті. Жер асты дүмпуінің эпицентріне жақын орналасқан ел астанасы Мехико қаласында ғана 117 адам қаза тапты.

7,1 балдық көрсеткіште орын алған жойқын жер сілкінісінен кейін Мексикаға бірқатар мемлекеттер көмек қолын созуға әзір екендерін білдірді. Жапония мемлекетінің сыртқы істер министрі Таро Коно Мексикалық әріптесі Луис Видегарайға «Жапония мемлекеті Мексикаға жер сілкінісінен кейін орын алған қиындықтарды жоюға қол ұшын беруге әзір» деген мазмұнда ашық хат жолдаса, Анкара сейсенбі күні болған жер сілкінісінен кейін Мексикаға кез-келген жағдайда көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Түркияның Мексикаға жолдаған хатында «19 қыркүйекте болған жер асты дүмпуінен кейін, жүздеген адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиғаға Түркия көңіл айта отырып, Мексикаға кез-келген қиындықтарда көмек көрсетуге дайын» делінген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз