Мемлекет «қайтар» десе бәрін қайтарамын – Илья Ильин

0
94

Төрт дүркін әлем чемпионы қазақстандық Илья Ильин Астанада өткен баспасөз мәслихатында берген сұхбатында мемлекет берген мүлікті қайтаруды талап еткен жағдайда барлығын қайтарып беретінін мәлімдеді.

Илья Ильин спортшылардың жеке басына емес елдің қамын ойлап күресетінін айта отырып «Омыртқа мен жүрекке зақым келген. Бірақ біз мұның барлығын айта бермейміз. Кәсіби спортшы болғандықтан болашақта жүрегім ауыруы да ғажап емес. Денсаулықты ақшаға сатып ала алмайсың. Мемлекет бізге нені берді – соны алдық. Көлік, пәтер… Және мемлекет мүлікті қайтаруымды талап етсе, мен сөзсіз бәрін қайтарамын», деді.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз