Мемлекет басшысы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

0
45
ашық дереккөзден алынды

Мемлекет басшысы Си Цзиньпинді Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы лауазымына қайта сайлануымен құттықтады деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

«Сіздің басшылығыңызбен Қытай Коммунистік партиясы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын жақсартуда  айтарлықтай биікке жетті.

Сіздің Қытайдың халықаралық беделін және әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыру жолында табандылықпен табысқа жетуіңізге тілектеспін. Қазақстан мен Қытай арасындағы жан-жақты стратегиялық байланыстар қарқынды дамып, біздің халықтарымыздың достығы нығаятынына сенімдімін», – деп мәлімделеді құттықтау жеделхатында.

Қорытындыда, Қазақстан Президенті Си Цзиньпинге зор денсаулық пен өркендеу, ал достас Қытай халқына – гүлдену тіледі.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз