Мемлекет басшысы Ташкентке сапармен барады

0
39

16 қыркүйекте Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтың шақыртуымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барады.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер аясында қос тарап саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы Өзбекстан мен Қазақстан ынтымақтастығын дамытудың алғы шарттарын талқылап, өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша да пікір алмасатындығы жайында Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бөлек, Ташкент қаласында өтетін келіссөздер барысында екі ел президенттерінің бірлескен мәлімдемесі мен Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастыққа құрылған көпжақты қарым-қатынастарын дамыту мақсатындағы маңызды құжаттарға қол қойылады. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан-Өзбекстан іскерлік форумына қатысатыны күтілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз