Министр: Нұр-Сұлтанда тағы 14 адамнан коронавирус табылды

0
39
Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Нұр-Сұлтан қаласында тағы да 14 адамнан коронавирус табылды. Бұл ақпаратты денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.

“Нұр-Сұлтанда тағы да 14 пациенттің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, диагнозы расталып, карантинге жатқызылды. Олармен байланысқан адамдардың барлығы анықталып, оқшауланып жатыр”, – деді министр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда барлығы 27 адамға коронавирус жұққаны расталды.

Бүгін таңда Алматыда тағы да 3 адамнан коронавирус табылғаны хабарланған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстанның барлық аумағына 2020 жылдың 16 наурыз сағат 8.00-ден бастап, 2020 жылдың 15 сәуір сағат 7.00-ге дейін төтенше жағдай енгізген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз