«Әміре» Славян базары байқауына қатыспақ

0
190
Биылғы жылы жиырма жетінші рет өткізілгелі отырған «Славян базары» халықаралық өнер фестиваліне «Әміре» атымен танылған Ернар Сәдірбаев Қазақстанның атынан өнер бәйгесіне түсіп, бақ сынайтын болады.

Ернар Сәдірбаев: Мен «Славян базары» өнер бәйгесінде Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар әні», Раймонд Паулстың «Подберу музыку» әнін және Моцарттың «Я сплю на розах» туындыларын орындап шығамын. Байқауға дайындығым жақсы. 11 жасымнан бері ән шырқап келемін. Бұл менің бала кезден бергі арманым. Демек мен бұл байқауға 11 жасымнан бастап дайындалдым деген сөз. Бастысы өз-өзіме сенімдімін.

Осы жылы Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева және 2015 жылы фестивальде бірінші орынды жеңіп алған Димаш Құдайбергенов аталған фестивальде қазылар алқасына төрағалық ететін болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз