Моңғолия оффшорлық аймақтағы қаражаттың қайтарылуын қолға алды

0
71

Ca-News порталының хабарлауынша, Моңғолия бас прокуратурасы тарапынан құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен құрылған арнайы топ елдегі қылмыстық кодексінің 22-тарауы 10- бабының екінші бөліміне сәйкес тергеу жұмыстарын жүргізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы мен полицияның бас басқармасының қызметкерлерінен құралған топ бірлескен тергеу жұмыстары нәтижесінде 49 моңғол азаматының оффшорлық шоттарға ие екенін анықтады. Аталған азаматтардан мемлекет еншісіне 4 млн 370 мың доллор қайтаруы керек екені белгілі болды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының бақылау бөлімі таратқан мәліметке сүйенсек, ел тарихында тұңғыш рет оффшорлық аймақтан мемлекет еншісіне қаражат қайтарылғалы отыр.

Естеріңзге сала кетейік, Моңғолияның жаңадан сайланған басшысы Цахиагийн Элбэгдорж шілде айының соңына қарай халыққа жасаған үндеуінде мемлекет қазынасынан оффшорлық аймаққа шығарылған қаражаттың қайтарылуын талап еткен болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз