Н.Назарбаев «Шеврон» компаниясының бас атқарушы директоры Джон Уотсонмен кездесті

0
40

Мемлекет басшысы «Шеврон» компаниясының бас атқарушы директоры Джон Уотсонмен кездесті, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Шевронның мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығы туралы талқыланды.

Мемлекет басшысы осы саладағы жобаларды бірлесіп іске асырудың тиімділігін атап өтті және осы жұмысқа қосқан үлесі үшін Джон Ватсонға алғысын білдірді.

Қазақстан Президенті «Қазақстан «Шеврон» компаниясымен ерекше қарым-қатынаста. Біз Сізбен бірге ширек ғасырдан астам уақыттан бері ынтымақтасып келеміз. Бірлескен жұмыс үшін алғыс айтқым келеді. Біз сіздермен өзара тиімді ынтымақтастық орнаттық», – деді.

Өз кезегінде, Джон Уотсон Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан мен Шеврон арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауға, сондай-ақ олардың одан әрі даму перспективалары туралы пікір алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

Кездесу барысында Джон Уотсон 2018 жылдың ақпан айынан бастап компанияның бас атқарушы директоры қызметін атқаратын Михаэль Виртті таныстырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз