Нұр-Сұлтан қаласына 1000 дана оттегі концентраторы жеткізілді (фото, видео)

1
132

2020 жылдың 5 тамыз күні “Шұғыла” қоғамдық қоры 1000 дана оттегі концентраторларының үшінші партиясын Нұр-Сұлтан қаласына алып келді.

Алғашқы екі партиясы Алматы қаласына 543 дана, Батыс және Оңтүстік өңірлеріне 1397 дана таратылған болатын.

Жеткізілген оттегі концентраторлары Қарағанды облысына 260 дана, Қостанай облысына 130 дана, Павлодар облысына 170 дана, Солтүстік Қазақстан облысына 100 дана, Шығыс Қазақстан облысына 230 дана, Ақмола облысына 110 данадан таратылады.

Сәрсенбек Иманбаев “Шұғыла” қоғамдық қорының директоры:

“Бұл іс-шараға атсалысқан халыққа алғысымды айтқым келеді. Мемлекет тарапына осы шараны басынан аяғына дейін қадағалап жатырған Ералы Ұлықпанұлына да алғысымды айтқым келеді. Құжат жағын рәсімдеу, ұшақ жағын басқа да жұмыстарына көмектесіп, шараның аяғына дейін жетуіне ат салысып жатыр”- деді.

Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілген оттегі концентраторлары жергілікті “Jelken foundation” қорының көмегімен өзге облыстарға жеткізіледі.

Арман Байгаскин “Jelken foundation” қорының директоры:

“Жеткізілген аманатты күтіп алу, одан кейін складка апару, волотерлермен қамтамасыз ету, әрі қарай бұл концентраторларды облыстарға таратуда қызмет атқарамыз”- деді.

“Шұғыла” қоғамдық қорының ұйымдастырумен болатын оттегі концентраторларын жеткізудің төртінші партиясы 11 тамыз күніне жоспарланып отыр.

Лесов Наурызбек

1 ПІКІР

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз