“Нұр-Сұлтан-Жезқазған” пойызының 4 вагоны рельстен шығып кетті

0
91

23 қаңтарда кешкі сағат 21:45 шамасында Қарағанды облысында Жезқазған қаласына бара жатқан жолаушылар пойызының төрт вагоны рельстен шығып кетті.

Оқиға Қарабас станциясы аумағының Қарағанды – Жолаушылар – Жарық бөлігінде болған.

“Қазақстан темір жол” ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ешкім зардап шекпеген. Бұл бөлікте пойыздар қозғалысы тоқтамаған. Жолаушыларды өзге қосымша вагондарға отырғызған. Пойызда 683 жолаушы болған. “Марал-Нұр” жеке компаниясы жолаушыларды тасымалдаған.

“Қазақстан темір жолы” вагондардың рельстен шығу себебін түсіндірмеді. Алайда компания хабарламасында “қолайсыз ауа райынан жолдың дұрыс көрінбегені” айтылады. 23 қаңтарда Қарағанды және бірқатар облыстарда қатты боран соғып, қалың қар жауған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз