Нұр-Сұлтанда фотограф Тұрар Қазанғаповтың көрмесі өтті

0
23
Фототілші Тұрар Қазанғапов.

27 қараша күні Нұр-Сұлтандағы ұлттық музейде қазақстандық фотограф Тұрар Қазанғаповтың “Бірінде бірінші тұлға жөнінде” атты фотокөрмесінің ашылуы өтті.

Көрме 1 желтоқсан Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күні қарсаңында ұйымдастырылған.

Көрме қонақтары.

Фотокөрмеде Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдерге және Қазақстанның әр аймағына жасаған сапарларынан Қазанғаповтың түсірген 40 суреті қойылған.

Тұрар Қазанғапов тілшілер сұрағына жауап беріп тұр.

“Нұрсұлтан Назарбаевты ең алғаш 2014 жылы суретке түсірдім. Қателеспесем Ақордада бір жиын өтіп жатқан. Tengrinews порталында қызмет етіп жатқаныма жеті жыл болды. Сонымен қатар жеті жыл бойы Елбасының пулында қызмет еттім. Осы көрмеде атап өтетін суреттердің бірі  Елбасының Қытайға жасаған сапары. Бұл Назарбаевтың президенттіктен кеткеннен кейін шетелге жасаған алғашқы сапары еді”, – дейді көрме авторы. 

Тұрар Қазанғапов қазақстандық әріптестерінің ортасында.

Фотограф түсірген суреттерін бөліп жармайтынын айтты.  Дегенмен шамамен 2016-2017 жылдары Елбасының астанада шыршаны жағып, қол шапалақтап тұрғанда түсірген кадры фототілшіге ұнаған екен.

Фотографқа қатты ұнаған кадрлардың бірі. Елбасы астанада жаңа жылдық шыршаны жағып, қол шапалақтап тұр. 

“Маған президентті суретке түсіру қиын емес. Себебі суретке түсірер алдында барлығы ұйымдастырылады. Архивімде нақты неше сурет бар екенін шамалап болсын да айта алмаймын. Өте көп”, – дейді фотограф.

Тұрар Қазанғаповтың Қазақстанда бұған дейін 2017-2018 жылдары Елбасы күніне орай екі көрмесі өткен. 

Өткен жылы Токиода,  Парижде, Нью-Йорк пен Вашингтонда фотокөрмесі өткен болатын. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз