Нұр-Сұлтанда ХІІ Астана экономикалық форумы басталды

0
81

16 мамыр Нұр-Сұлтанда ХІІ Астана экономикалық форумы басталды. Форумға әлемнің 150 елінен елу мыңға жуық делегат, оның ішінде жиырмадан аса Ноблеь сыйлығының лауреаттары мен отыздан астам шетелдік саясаткерлер қатысуда. 

Форум баспасөз қызметінің ақпарына сәйкес конгресс аясында 20 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға 300-ден аса меморандум мен келісім жасалмақ.

Форум 16-17 мамыр аралығында өтеді.

ХІІ Астана экономикалық форумының күн тәртібі:

  • Жаһандық күн тәртібі – өзгеріс дәуіріндегі әлем;

  • Аймақтық макроэкономикалық күн тәртібі – Орталық Азия мен Еуразияның дамуының жаңа көкжиектері;

  • Болашақтың қалалары – қалалану, Smart cities және кеңістікті даму;

  • Технологиялық күн тәртібі – болашақтың навигациясы: инновациялар, жаңа трендтер, робототехника және технологиялар;

  • Адами капитал – Қазақстанның инклюзивті дамуы: өсудің жаңа моделінің қарсаңында тақырыптар ауқымын қамтиды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз