Нұр-Сұлтанда жәрмеңкеде “7-20-25” бағдарламасының шартына сай келетін 4000 пәтер таныстырылады

0
62
дереккөзден

#Еxpohomsters жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде елордалық құрылыс компаниясының өкілдері 4000 пәтерді көрсетілімге қояды. Бұл туралы “Баспана” ипотекалық ұйымы хабарлайды.

Жәрмеңке 21-22 сәуірде Mega SilkWay сауда ойын-сауық орталығында өтеді. Оған Нұр-Сұлтандағы 50 құрылыс компаниясының өкілдері қатысады. Құрылыс компаниясының өкілдері жәрмеңкеге келушілердің бәріне пәтерлерді көрсетіп, “7-20-25” бағдарламасы бойынша сатып алу мүмкіндіктері мен пәтердің бағасы туралы нақты ақпарлар береді. Қатысушыларға екінші деңгейлі банктің мамандары мен ипотекалық “Баспана” ұйымының мамандары да кеңес береді.

Бір апта бұрын дәл осындай жәрмеңке Алматыда өтті.

“Баспана” ипотека ұйымының басқарма төрағасы Дархан Байқуатов осыдан бір жыл бұрын тұрғындар “7-20-25” бағдарламасына қызығушылық танытып, ақпараттар сұраса, осы жылы есеп жасап, пәтерлерді жалға алып жатқандардың басым екенін айтады.

Ұйымдастырушылар жәрмеңкеге Нұр-Сұлтаннан 10 мыңға жуық тұрғын келіп, қатысады деп күтеді.


Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз