Нұрсұлтан Назарбаев «Қорқыт Ата» мемориалды кешенін аралады

0
168

Президент Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында әйгілі ойшыл, ұлы қобызшы Қорқыт Атаға арналған сәулет кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысына мемориалды кешенде жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесі жөнінде баяндалды. Мұнда салтанатты іс-шаралар өткізетін алаң жасалып, орталық аллеяда жаяу жүргіншілерге арналған қосымша жол салынған, сондай-ақ монумент маңы абаттандырылған.

Нұрсұлтан Назарбаев жаңа әкімшілік ғимаратты және «Қасиетті арқар» атты мүсінді көрді.

Бұдан бөлек, Елбасы кешендегі музейде Қорқыт Атаның өмірі мен мұрасына арналған сирек экспонаттармен танысты.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз