NASA: Ірі астероид Жерге 22 наурызда жақындайды

0
89
фото: NASA

Жақында ғана табылған EA2 ірі астероиды Жерге 22 наурызда жақындайды. Бұл туралы NASA хабарлайды.

Астрономдардың зерттеуіне сәйкес аспан денесінің диаметрі 40 метрді құрайды, біздің планетаға Жерден Айға дейінгі қашықтықтан  он мыңдаған шақырымға жақындайды.

Астероидтың Жерге максималды жақындауы 22 наурыз Астана уақытымен 7.53-те болады деп күтілуде. EA2 аспан денесінің қозғалыс жылдамдығы шамамен секундына 5 шақырымды құрайды.

Сnet порталының ақпары бойынша астероидты ірі телескоп немесе витруалды телескоптың көмегімен бақылауға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз