Назарабев әуежайы Халықаралық әуежайлар кеңесіне мүше болды

0
96

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Халықаралық әуежайлар кеңесінің мүшесі болды

Халықаралық әуежайлар кеңесі (Airports Council International; ACI) – бұл әуежайлардың әлемдегі жалғыз жаһандық сауда өкілдігі. Аталған кеңеске қатысу Астана әуежайына бұл саладағы үздік әлемдік тәжірибені қабылдауға, қызмет көрсеткіштерін орташа салалық әлемдік көрсеткіштермен салыстыруға, барынша тиімді қызметті қамтамасыз ету үшін кәсіби мүддесін білдіруге және оны қорғауға мүмкіндік береді.

ACI әуежай саясатындағы маңызды өзгерістер процесі барысында әуежайлардың мүдделерін қорғап, қолдау білдіреді.

Елде Азаматтық авиация комитеті қазақстандық әуежайларды дамыту саясатын жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта Қазақстанның 15 әуежайы ИКАО санатын алған. 2020 жылы еліміздегі барлық әуежайдың ұшу-қону жолағы жаңғыртылатын болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз