Назарбаев Астанада өтетін Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесі отырысына қатысады

0
112
дереккөзден

Қазақстан Президенті биылғы 8 қарашада Астана қаласында өтетін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрамына Армения, Беларусия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан басшылары кіреді. Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы – Қазақстан президенті  Нұрсұлтан Назарбаев. 8 қарашада өтетін сессияға аталған мемлекет басшылары қатысады деп күтілуде. Сессия барысында Армения Республикасының атынан премьер-министр лауазымын орындаушы Никол Пашинян қатысады, деп хабарлайды Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының баспасөз қызметі. Бірқатар мәселелерді мемлекет басшылары тар форматта талқылайды. Күн тәртібінде қаралатын өзге де мәселелер ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер және қорғаныс министрлері, ҰҚШҰ мемлекеттері қауіпсіздік кеңесі хатшыларының қатысуымен талқыланады.

Не талқыланады?

Отырыс барысында халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұйым форматы және жаһандық аренадағы өзара қатынастары талқыға салынады. ҰҚШҰ Қауіпсіздік Кеңесі ортақ Декларация қабылдайды деп күтілуде.

Ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясы басталмас бұрын Кеңестің сыртқы істер министрлері мен қорғаныс министрлері, ұйымның қорғаныс кеңесі Комитетінің хатшыларының отырысы өтіп, күн тәртібінде 24 мәселе қаралады, оның 15-і мемлекет басшыларының қарауына жіберіледі.


Келесі күні Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XV форумына қатысу үшін Петропавл қаласына барады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз