Назарбаев Қазақстанның Қытаймен өнеркәсіптік әріптестігі туралы айтты

0
77
дереккөзден

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың басты ақпарат құралдарына сұхбат берді.

Орталық радио журналисті Елбасынан “Бір белдеу-бір жол” бастамасы аясында екі мемлекет қандай салаларда әріптестік жүргізетінін сұрады.

“Қытай мен Қазақстан жақын көршілер. Біздің ортақ шекарамыз 1700 шақырымды құрайды. Құдайдың өзі біздің саудаласуымызды қалаған сияқты. Біз егемендік алған сәттен бастап шекараны достық және әріптестік сызығымен белгіледік. Өнеркәсіп, құрылыс, ет пен бидай өңдеу, тағы да басқа бағыттарда 55 кәсіпорынның құрылысы үшін келісімшартқа қол қойдық. Бұл 55 кәсіпорынның 15-і салынды. 11 нысан осы жылы іске қосылады. Ешқандай қарыз жүктемесі жоқ. Біз келістік – қытай компанияларынан мамандар келеді, жұмыс істейді, жұмыстарын аяқтаған соң үйлеріне кетеді. Бұл бар әлемде бар қалыпты практика. Сондықтан біз 55 кәсіпорынды жүзеге асырсақ, бұл Қазақстан үшін үлкен пайда әрі мыңдаған адамдар жұмыспен қамтылады “, – деді Н.Назарбаев.

Елбасының сөзінше Қазақстан өзінің байлығы – мұнай, металл, газ және т.б пайдалы қазбалармен өмір сүретін мемлекет. Алайда біздің мемлекетке басқа өнеркәсіп пен индустрия қажет.

– Біз оны құрып жатырмыз, әрі Қытай Халық Республикасымен бірге. Бұл өте тиімді. Көлік құрастыру, құрылыс мәселесі мен теміржол құрылысы тағы басқа, деген Елбасы Қазақстанда Қытаймен бірлескен автозауыттың бары атап өтті.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз