Назарбаев әуежайында рейстер кешіктіріліп жатыр

0
80
Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты 31 рейс кешіктіріліп жатыр. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Ұшақтың басқа қалалардан кешігіп келуі мен сондағы ауа райының жайсыздығынан 16 рейс уақтылы орындалмаған.

Олар:

– “Air Astana” әуе компаниясының 8 рейсі (олардың ішінде Ташкент, Санкт-Петербург және Шарм-әл-Шейх қалаларынан келетін халықаралық рейстер);

– “SCAT” әуе компаниясының екі рейсі (Өскемен және Шымкент қалаларынан);

– “Qazaq Air” әуе компаниясының екі рейсі (Петропавл мен Костанайдан);

– “Fly Arystan” әуе компаниясының үш рейсі (Шымкент, Алматы және Қостанайдан);

– “Etihad Airways” әуе компаниясының бір рейсі (Абу-Дабиден).

– “Air Astana” әуе компаниясының 7 рейсі;

– “Qazaq Air” әуе компаниясының екі рейсі (Ақтөбе мен Қостанайға);

– “Fly Arystan” әуе компаниясының үш рейсі (Шымкент, Алматы мен Қостанайға);

– “Turkish Airlines” әуе компаниясының бір рейсі (Ыстамбұлға);

– «Etihad Airways” әуе компаниясының бір рейсі (Абу-Дабиге);

– “FlyDubai” әуе компаниясының екі рейсі (Дубайға).

Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайы штаттық режімде жұмыс істеп тұр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз