Назарбаевтан Трампқа үндеу

0
31
дереккөзден

Оқи отырыңыз: Назарбаевтың қатысуымен “IV ASTANA CLUB” отырысы өтті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ президенті Дональд Трампқа қарсылықтар мен қақтығыстарға қарсы тұрған бұрынғы америкалық басшылардың дәстүрлерін ойға алуды сұрады.

“АҚШ – әлемдегі ірі держава. Оның әскери және экономикалық қауқарына ешкім де қарсылық танытпайды. Бірінші дүниежүзілік соғыстағы қантөгістен кейін сол тұстағы АҚШ президенті Вудро Вильсон алдағы уақытта соғыстың алдын алу үшін Ұлттар Лигасына жүгінді. Екінші дүниежүзіліктен кейін президент Рузвельт Біріккен Ұлттар Ұйымын ұсынды. БҰҰ-да, Дүниежүзілік банк те, Халықаралық валюта қоры да барлығы Америкада, Вашингтон мен Нью-Йоркте орналасқан. АҚШ тарапынан әділеттілік, қақтығыстарды тоқтату ниеті бар еді”, – деп атап өтті мемлекет басшысы 13 қарашада Astana Club отырысында жасаған мәлімдемесінде.

Сөз барысында Н. Назарбаев қазіргі АҚШ басшысы Трамптың өткен америкалық басшылардың дәстүрін ойға алу қажеттігін алға тартты. “Егер ол (Трамп-ред) бұл мәселелерді талқылау үшін жиналуды ұсынса, ешқандай мемлекет қарсылық танытады деп ойламаймын”, – деді Қазақстан президенті.

Бұдан өзге Н. Назарбаев Астанада Еуразиядағы қауіпсіздік бойынша конференция өткізуді ұсынды. “Мәселе біз бәрін Астанада өткізуді қалағандықтан емес. Қандай аймақта өткізілсе де, мұндай шаралардың өткені маңызды. Мұны біздің Astana Club аясында да өткізуге болады”, – деді Н. Назарбаев.


12-13 қарашада елордадағы Назарбаев орталығында “Астана Клубының” төртінші отырысы өтті. Жиында “2019 жылы Еуразия үшін төніп тұрған әлемдік қауіптер рейтингі” атты зерттеудің нәтижесі жарияланды.Еуразияда ғана емес, ғаламда қалыптасқан геосаяси және геоэкономикалық үрдіске баға беруді мақсат тұтқан зерттеуге әлем бойынша 30-дан аса сарапшы мен саясаткер қатысты. Отырыс барысында өзге де маңызды тақырыптар талқыға салынды.

 

Safina Said

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз