Нигерия мешітінде лаңкес өзін-өзі жарып жіберді

0
88

Нигерияның солтүстік-шығысында орналасқан Муби қаласында мешіт жамағаты құлшылық жасап бола салысымен, мешіт ішінде лаңкес өзін-өзі жарып жіберіп, салдарынан 50 адам көз жұмды, деп хабарлайды НТВ.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметтеріне қарағанда, жарақаттанғандардың саны белгісіз. Сондай-ақ, Муби қалалық полиция өкілі Осман Әбубәкірдің пайымдауынша ауруханаға жеткізілген адамдардың халі өте ауыр болғандықтан жапа шеккендердің саны артуы мүмкін.

Қазіргі таңда лаңкестік шабуылды ешқандай топ өз мойнына алған жоқ. Дегенмен жергілікті биліктің пайымдауынша қастандықты «Боко Харам» лаңкестік тобы жасаған болуы мүмкін. Себебі елдегі болған қанды қырғындардың басым бөлігі осы топ жанкештілерінің қолымен жасалады.

Лаңкестік шабуылды ұйымдастырған 17 жастағы Нигерия азаматы.

Оқиға Сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5:20-да болған.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз