Орталық Азия сыртқы істер министрлері не талқылады

0
118
СІМ

21 шілде Шолпан-Атада Орталық Азия елдері сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі өтті. Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Қырғызстанның сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев, Тәжікстанның сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Түрікменстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Бердынияз Мятиев Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады.

СІМ

Кездесу барысында сөз алған Қ. Әбдірахманов ОА мемлекет басшыларының Астанада өткен жемісті кездесуі өңірлік қатынастардың жаңа кезеңінің алғышарты болғанын алға тартты. “Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азия елдерінің әлеуеттерін біріктіруге, өңірлік ішкі сауданы ұлғайтуға, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және халықтарымыздың жақындасуына зор маңыз береді”, – деді Қ.Әбдірахманов.

СІМ

“Әлемнің барлық ядросыз аймақтары арасындағы ынтымақтастықты жандандыруымыз керек”, – деген Әбдірахманов Ядросыз аймақтар саммитін өткізу туралы мемлекет басшысының бастамасы Орталық Азияны ядросыз аймақтар арасындағы кооперацияның өзіне тән өзегі ретіндегі рөлін бекітуге бағытталғанын хабарлады. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде осы мәселені БҰҰ алаңында ілгерілетуге күш салуға дайындығын білдірді.

Сондай-ақ, өңірлік қауіпсіздік және трансшекаралық қауіп-қатерлерге қарсы бірлескен күрес мәселелері талқыланды. Қатысушылар өңір елдерінің Ауғанстандағы ахуалды тұрақтандыру бойынша үлесін және Орталық Азия елдерінің АИР-мен ынтымақтастықты құптады. Бұл ретте Қ.Әбдірахманов ағымдағы жылы қыркүйекте Астанада «Ауғанстанда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту» Өңірлік конференциясын өткізу маңыздылығын атап өтті және 2019 жылы ЕҚЫҰ жоғары деңгейде Ауғанстан бойынша кездесуді ұйымдастыруды ұсынды.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары жалпыөңірлік мәселелерді шешуде, бесжақты ынтымақтастықты нығайтуда ортақ тәсілдерді әзірлеу үшін осы форматтағы кездесулерді ұйымдастырудың маңыздылығы туралы ортақ пікірді білдірді.

Өңірлік ықпалдастықтың көптеген мәселелері бойынша Орталық Азия елдерінің ұстанымдары өте жақын екені және өңір елдері диалогын жандандыру ұсынылғаны атап өтілді.

Министрлер 2019 жылы Өзбекстанда Наурыздың қарсаңында өтуі жоспарланған Орталық Азия елдерінің жоғарыдағы келесі консультативтік кездесуді дайындау үшін тұрақты бесжақты СІМ-аралық консультацияларды және сарапшылардың кездесуін өткізудің қисындылығын атап өтті.

СІМ басшылары Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Э.Абдылдаевқа және қырғыз тарапына бесжақты кездесуді табысты ұйымдастырғандары үшін алғыс білдірді.

Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз