Петропавлдықтар Путинге қамшы сыйлады

0
103

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Ресей мен Қазақстанның аймақаралық ынтымақтастығының XV форумы аясында Петропавлда кездесті.

Петропавлдағы тенис орталығына келген Ресей президентіне петропавлдықтар құрмет белгісі ретінде қамшы сыйға тартты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстан мен Ресей президенттері Солтүстік Қазақстан облысының облыстық орталығында кездесті. Олар екі мемлекеттің туризм саласын дамытудың жаңа жоспарлары мен перспективаларына арналған көрмеге барды.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың маңызды мәселелері мен туризм саласындағы қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Келіссөздер соңында мемлекеттер басшыларына «Байқоңыр» ғарыш кешенін дамытуға арналған жоба таныстырылды. Сонымен қатар, Президенттерге әлеуметтік нысандардың салыну барысы, инфрақұрылым желілерінің жөнделу нәтижелері және Байқоңыр қаласындағы тұрғын үй алаптарының газбен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз