Полиция Ақордаға өтпек болған наразылардың алдын бөгеді

0
96
Наразылыққа шыққандарды полиция "Ақордаға" жібермей бөгеп тұр. 17 ақпан 2020 жыл. Нұр-Сұлтан қаласы.

17 ақпанда Ақордаға өтетін көпірде 60-қа жуық адам жиналып бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев пен парламент сенатының спикері Дариға Назарбаева және президент әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановтың шығуын талап етті.

Наразылық акциясына шыққан адамдар арасында пәтер алу үшін алдын ала үлес ақша салып, қайта ала алмаған үлескерлер мен көп жылдан бері несиесін өтей алмай жүрген борышкерлер және сот шешіміне наразы әртүрлі топ өкілдері бар.

Сағат 10:30-дан бастап жиналған наразылар алдына полиция қызметкерлері шығып, Ақордаға жеткізбей жолды бөгеді.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Майлыбаев наразылардың Ақордаға хат тапсыруына рұқсат бермеген.

Елорда әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұрат наразылармен сөйлесіп, сұрақтарына жауап беруге тырысты. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз