ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы ауысты

0
86

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің басшысы ауысты.

СІМ баспасөз қызметіне Айбек Смадияров басшылыққа келді. Астана журналистік корпусын жаңа баспасөз хатшысымен Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахманов таныстырды, деп хабарлайды, СІМ баспасөз қызметі.

35 жастағы А.Смадияров кадрлық дипломат болып табылады. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін үздік бітірген. Бұрын СІМ-нің орталық аппаратында, Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінде және Президенттің баспасөз қызметінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Соңғы жылдары Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінде кеңесші болды.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «Сыртқы саясат ведомствосы бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық үшін ашық болып қала береді. СІМ Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясатын түсіндіру және насихаттау, мемлекет пен Қазақстан халқының мүдделерін халықаралық аренада қорғау бойынша жұмысын жалғастыратын болады», – деді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз