Ресей Қазақстанның авиа жанармай туралы мәлімдемесін жоққа шығарды

0
87

Ресей Федерациясының (РФ) Энергетика министрлігі Қазақстанға 2018 жылға авиациялық жанармай жеткізуге ұсыныстар жіберді. Биыл жанармай жеткізіліміне байланысты проблемалар жоқ, деп хабарлайды РФ энергетика министрінің орынбасары Кирилл Молодцов. Бұл туралы ресейлік бірқатар ақпарат порталдары хабарлайды.

«Мен кеше Қазақстандағы әріптесіммен сөйлестім. Өз тарапымыздан ұсынысымызды жібердік. Ендігі кезекте олардың келісімін күтіп отырмыз», дейді РФ энергетика министрінің орынбасары.

Молодцовтың айтуынша, қазіргі уақытта Ресей Қазақстанның авиациялық жанармайдағы барлық сұраныстарын қанағаттандырды. Қазіргі уақытта авиакеросинді жеткізуде қиындықтар жоқ. Дегенмен, келесі жылға арналған индикативтік байланысқа әлі қол қойылмаған. «Қандай жағдайда да біз олардың сұрауларын қанағаттандырдық. Алдағы уақытқа болжам жасауда мен ешқандай қиындық көріп тұрған жоқпын», дейді министр.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні қазақстандық «Эйр Астана» әуе компаниясы Ресейден авиациялық керосинді жеткізу көлемінің азаюы және Шымкент мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтатылуы салдарынан елдегі тұрақты әуе қозғалысына қауіп төнгені туралы мәлімдеме жариялаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз