Ресейде жол апатына ұшыраған қазақстандықтың қамаудағы мерзімі ұзартылды

0
105

2018 жылдың 29 қарашасында Екатеринбург қаласының жанында Қазақстан азаматының қатысуымен жол апаты болған болатын. Қазақстан азаматы жүк машинасын айдап келе жатып жүк көлігінің артындағы тіркемесі қарама-қарсы жолға шығып кетіп өзге 3 көлікпен соғысқан болатын. Салдарынан 5 азамат қаза тапты.

Қазіргі таңда Түркістан облысында дүниеге келген Қазақстан азаматы Челябі облысының тергеу изоляторында қамауда отыр. Оның тергеу изоляторында отыру мерзімі 1 сәуірге дейін созылған.

Ресейдегі Қазақстан Республикасының консулдығы қазіргі таңда бұл мәселемен айналысуда. Толық консулдық және құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беріліп жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз