Рохинджалық босқындардың саны 600 мыңнан асты

0
89

Тамыз айының соңында Мьянмада рохинджа ұлтының мұсылмандары мен мьянмалықтардың арасында туындаған келеңсіздіктердің әсерінен бүгінде Бангладешке бас сауғалаған босқын рохинджалықтардың саны 600 мыңнан асты, деп хабарлайды 24kz.

Халықаралық көші-қон агенттігінің мәліметінше алғашқыда Бангладешке 300 мыңға жуық рохинджалық босқындар қоныс аударуға мәжбүр болған болатын.

Еске сала кетейік, Тамыз айынан бастап теперіш көріп келген рохинджалықтарға ЮНИСЕФ (БҰҰ қамқорлығымен жұмыс істейтін халықаралық ұйым) ұйымы өкілдері шұғыл көмек қажет екенін жариялаған болатын.

Ұйымның айтуынша, ата-аналарынан, қамқоршыларынан айрылып, зорлық-зомбылық көрген 320мың бүлдіршін  медициналық,  психологиялық көмекке мұқтаж.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз