СҚО-да ауыл мектебінің бір бөлігі опырылып түсті

0
102
Солтүстік Қазақстан (СҚО) облысы Тайынша ауданы Тайынша кентіндегі жапсарлас салынған бөлігі құлаған №1 орта мектебінің ғимараты. 24 сәуір 2019 жыл.

Солтүстік Қазақстандағы кенттердің біріндегі мектеп ғимаратына жапсарлас салынған нысан қирады. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет хабарлады.

“24 сәуірде түнгі сағат 1.30 шамасында Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Тайынша кентіндегі №1 орта мектеп ғимаратына жапсарлас салынған, сыртқа шығуға арналған, аумағы 50 шаршы метр нысан опырылып түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, нысанның қирауына ғимараттың тегіс орнықпауынан пайда болған тік жарық себеп”, – деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. “Мектептің коммуникациялық жүйесі бүлінген жоқ. Сабақ уақытша тоқтатылды” деді министрлік өкілі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз