Саудияда 11 ханзада тұтқындалды: Жемқорлықпен күрес пе әлде желеу ме?

0
90
ашық дереккөзден

5 қарашада Сауд Арабиясындағы Король әулетінің бірнеше мүшесі, сондай-ақ бұрынғы және қазіргі мемлекеттік шенеуніктердің тұтқындалғаны белгілі болды. Тұтқындауға себеп – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шеңберінде жүргізілген операция; тұтқындалғандардың бірі – ірі саудиялық кәсіпкер, бизнесмен, Citigroup-тың бірлескен иеленушісі әл-Валид бин Талал. “Медуза”-  ның талдамалық ақпаратына сүйене отырып, төмендегілер мәлім болды.

Мәселе неден туындады?

Жексенбіге қараған түні Сауд Арабиясының бұқаралық ақпарат құралдары 11 ханзаданың, 4 қызметтегі министрдің және 10-ға жуық бұрынғы министрлердің тұтқындалғанын мәлім етті. Тұтқындалғандардың нақты саны – белгісіз, дегенмен қамауға алынғандар арасында – әлемнің ең бай адамдарының бірі әл-Валид бин Талал бар екені белгілі болды, саудиялық шенеуніктердің бірінің айтуынша, әл-Валид бин Талал  шөлдегі лагерьлердің бірінде тұтқындалған.

Шенеуніктер мен ханзадалардың не үшін тұтқындалғандарының себебі әзірге белгісіз, дегенмен бәрін електен өткізе келе, мәселенің төркіні жемқорлыққа барып тіреледі. Тұтқындауға дейінгі бірнеше сағат бұрын Король Салман ибн Әбдул Әзиздің нұсқауымен жемқорлыққа қарсы комитет құрылған, аталған комитетті Корольдің мұрагер ұлы – ханзада Мұхаммед бен Салман басқарған. Корольдің өзі, ұлттық теледидарда сөйлеген сөзінде, «заң қоғамның ақшасына қолын тигізген және оларды қорғамаған, ұрлаған немесе олардың күші мен ықпалын теріс пайдаланған адамға жаза береді», – деп мәлімдеді.

The New York Times хабарлағандай, Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта сенбі күні  Ritz Carlton қонақ үйінің барлық қызметкерлері эвакуацияланған; аталған қонақ үйге тұтқындалған ханзадалар мен шенеуніктер орналастырылуы мүмкін. Баспасөздің хабарлауынша, Эр-Рияд әуежайы  жеке ұшақтар үшін жабылған, осылайша  Сауд Арабиясы билігі басқа ықтимал айыпталушылардың қашып кетуіне жол бермек емес.

Бұрынғы Абдолла Корольдің ұлы, Ұлттық гвардия басшысы ханзада Митеб тұтқындалумен қатар, отставкаға жіберілді.

ашық дереккөзден

Forbes-тің мәліметінше, әл-Валид бин Талалдың мүлкі – шамамен 19 млрд долларды құраған; баспа құрастырған әлемдегі ең бай адамдар тізімінде ол 45 орын алады; Ханзаданың жасы 62-де; ол Сауд Арабиясының бірінші Королінің немересі. Ханзада – Citigroup қаржылық компаниясының ірі акционері, сонымен қатар 21st Century Fox медиакомпаниясының екінші ретті үлесі де ханзадаға тиесілі.

Бұдан өзге ханзада Сауд Арабиясының стандарттарына қатысты өзіндік либералдық көзқарасымен танымал. Жекелеп алғанда, ол мемлекеттік деңгейдегі тиісті реформа жарияланғанға дейін әйелдерге көлік жүргізуге рұқсат беру керек деп мәлімдеген. Ханзада өз байлығының тең жартысын қайырымдылыққа жұмсауға дайын екенін айтқан. The Guardian
эксперттерінің бірі егер ханзада шынымен тұтқындалса, бұл саудиялық қана емес әлемдік бизнес-қауымдастықта күтпеген әсер тудырады деп мәлімдейді.

Ханзадаларды тұтқындатқан Ханзада

ашық дереккөзден

Король Салманның ұлы 32 жастағы Мұхаммед бен Салман –  Сауд Арабиясының билік құру кезеңіндегі ең жас тақ мұрагері: соңғы қырық жылда Сауд Арабиясының Корольдері 60 жастан төмен жаста аталған лауазымды атқармаған.

Мұхаммед бен Сальманның «Көрініс -2030» деп аталатын маңызды жобасы Сауд Арабиясының экономикасын әртараптандыру және мұнайға тәуелділіктен құтылудың үлкен бағдарламасы болып саналады. Оның ең негізгі элементтерінің бірі – әлемдегі ірі мұнайгаз корпорациясының Aramco-ны жекешелендіру, аталған компанияның директорлар кеңесіне де Мұхаммед бен Салман жетекшілік етеді. Компанияның 5 % биржаға 2018 жылы қойылады деп күтілуде – бұдан кейін Aramco ресми түрде әлемдегі ең қымбат компания болуы ғажап емес.

Аталғандарға қарамастан, Мұхаммед бен Салман – дәстүрлі саудиялық консерватор. Атап айтқанда, Қорғаныс министрі лауазымында ол өзін көршілес елдермен қарым-қатынаста агрессивті стратегияны қолдаушы ретінде таныта білді. Салман өз міндетін Иранның аймақтағы ықпалының таралуына жол бермеу ретінде көреді; бұл Сауд Арабиясының 2015 жылы Йемендегі қарулы қақтығыстарға араласуына себеп болды.

Мұның бәрі нені білдіреді?

Болған  оқиғалар Мұхаммед бен Салманның елдегі билікті өз қолына топтастыруға тырысуымен байланыстырылады. Атап өтерлігі, болған жайт бұл ханзаданың жүзеге асырып жатқан алғашқы әрекеті емес.

Сабина Сайлаубай

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз