Сауда дауы: АҚШ vs Қытай

0
74
АҚШ сауда өкілі Роберт Лайтхайзер/Reuters

АҚШ айыппұл салығы салынатын 1300 қытай тауарларының тізімін ұсынды. Жыл сайын  АҚШ-та аталған санаттағы тауарлар импорты 50 млрд доллар көлеміндегі айыппұлмен бағаланатын болады, деп хабарлайды 3 сәуірде АҚШ-тың сауда өкілі Роберт Лайтхайзер. Бұған дейін қытай импортына 60 млрд доллар көлемінде айыппұл салынатыны хабарланған еді.

Жақын күндері тізімі жарияланатын қытай тауарларына 25 пайыз көлемінде салық салынады, деп жазады Dw.com. Санкция бірінші кезекте жоғары технологиялар саласы атап айтқанда ғарыш, ақпарат және коммуникация технологиялары, сондай-ақ көлік құрылысы саласына салынады. Тұтынушылары бар тауарларға әзірге (мәселен, киім-кешек) айыппұл салынбайды, қанша дегенмен аталған тауарларға бағаның өсуі америкалық тұтынушылардың қалтасын қағатыны анық.

Айқын жауап

Вашингтондағы ҚХР елшілігі АҚШ-тың бұл әрекеті Қытайдың да, АҚШ-тың да қызығушылығын қанағаттандырмайды деп мәлімдеді. Бейжіңдегі сауда министрлігі АҚШ-тың бұл шешіміне айқын жауап қайыратындарын атап өтті. 4 сәуір министрлік тарапынан жарияланған мәлімдемеде: «Біз АҚШ-қа қатысты кең көлемді тиісті шараларды қабылдаймыз», – деп жазылған.

ҚХР Сауда министрлігі АҚШ-тың қытай тауарларына айыппұл салу туралы шешімін негізсіз деп атады. Өз кезегінде ведомстваның мәлімдемесінде Қытай шұғыл түрде Дүниежүзілік сауда ұйымының төрелігіне жүгінетіндерін, АҚШ-тың бұл әрекеті «ДСҰ-ның (Дүниежүзілік сауда ұйымы) негізі мен рухын төмендететінін» алға тартты.

Cафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз