Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын босатылды

0
96

Қапшағай қалалық соты Қазақстан журналистер одағының бұрынғы басшысы Сейітқазы Матаевты мерзімінен бұрын шартты түрде босатты, деп хабарлайды Информбюро.

Матаевтың адвокатының айтуынша қорғауындағы азамат жазасын өтеу мекемесіндегі жақсы мінездемесі мен қазан айының соңында оның 63 жасқа толып, зейнетке шығатынын ескере отырып оны мерзімінен бұрын босатуды сұраған.

Сондай-ақ, қорғаушы, Матаев жазасын өтеу мекемесіндегі уақытын әрдайым колонияның медициналық орталығында өткізгенін айтады. Дәрігерлер оған гипертониялық криз диагнозын қойған.

Сейітқазы Матаев сот отырысына видеоконференция арқылы қосылған.

Ұлттық баспасөз клубының негізін қалаушы алаяқтық жасап, салық төлемегені үшін 6 жылға бас бостандығынан айрылған болатын.

Сейітқазы Матаев ҚР қылмыстық кодексінің190-бабы, 4-бөлімі, 2-тармағы және 245-бабы, 3-бөлімі бойынша сонымен қоса ҚР қылмыстық кодексінің 177-бабының 4-бөлімінің «б» тармағы бойынша айыпталды.

Еске салайық, Матаевтың ұлы Әсет Матаевқа да қатысты іс сотқа жіберілген. ҚР қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлімінің 2-тармағы бойынша айып тағылып отыр. Әсет Матаевтың ісі 2018 жылы ақпан айында қаралатын болады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз