ҰҚШҰ елдері басшылары Астанада бас қосады

0
150
Көрнекі сурет. 01.12.2017 ҰҚШҰ елдері басшыларының кездесуі

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің басшылары 8 қарашада Астанада кездеседі. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров хабарлады.

8 қарашада күннің алғашқы жартысында Астанада ҰҚШҰ сыртқы істер министрлерінің отырысы, күннің екінші бөлігінде мемлекет басшыларының деңгейінде ҰҚШҰ кеңесі өтеді.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің мемлекет басшылары соңғы рет 2017 жылы 1 желтоқсанда Беларусь Республикасында бас қосқан болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз