Шекарада 148 дана киік мүйізімен Өзбекстан азаматы ұсталды

0
98

Оралдық шекарашылар 200 млн теңге шамасындағы контрабанданың жолын кесті. Бұл туралы  ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

“Орал шекара отрядының “Сырым-авто” бөлімшесінде шекарашылар Ресейге ірі көлемде контрабандалық жүк өткізбек болған 49 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Ұсталған азамат “Орал — Самара” бағытындағы жолаушылар автобусымен үлкен шабаданда 148 дана, жаңадан кесілген киік мүйізін алып өтпек болған”, делінген хабарламада.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз