Шекарада ресейлік азамат 128 дана киік мүйізімен ұсталды

0
85

Батыс Қазақстан облысында ресейлік азамат 29 келі киік мүйізімен ұсталды. Бұл туралы ҰҚК шекара қызметі хабарлады.

Заңды бұзған азамат бүгін, таңғы сағат 06.00-де Ақсай автомобиль өткізу бекетінде құрықталған.

Шекаралық тексерісте ресейлік азамат тізгіндеген автокөліктің жүксалғышындағы жол сөмкесінен киіктің жаңадан кесілген 128 дана мүйізі табылған. Мүйіздің жалпы салмағы 28 кг 914 грамм. Құны 242,4 млн теңгеге бағаланған.

Ресейлік Қазақстаннан Ресейге бара жатқан.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі, осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 339-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, Бөрлі ауданы полиция бөлімі тергеу амалдарын бастағанын жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз