Шигео Катсу Цеснабанк директорлар кеңесіне басшылыққа тағайындалды

0
68
Шигео Катсу/ фото: primeminister.kz

Назарбаев Университетінің президенті, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы және Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Шигео Катсу «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесін басқарады. Бұл туралы Назарбаев университетінің ресми сайтында хабарланды.

Өз кезегінде Біржан Пирматов «Цеснабанк» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Бұған дейін ол «First Heartland Bank» АҚ (FHB) Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған еді.

Шигео Катсу  2010 жылдың желтоқсанынан бастап Назарбаев Университетінің президенті лауазымына тағайындалды.Катсу осыған дейін Дүниежүзілік банкте 30 жыл бойы түрлі қызмет атқарған, Азия, Африка және Еуропа елдеріндегі қаржы секторындағы реформаларды басқарды, түрлі басшылық лауазым атқарып, сондай-ақ Еуропа өңірі бойынша вице-президенттікке тағайындалды.

Пирматов  банктік жүйеде 2004 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол өзінің мансаптық жолын Корпоративтік қатынастар басқармасында жетекші маман ретінде бастаған. Кейіннен ол «Каспий Банкі» АҚ, «Банк Тұран Әлем» АҚ және «HSBC Bank Kazakhstan» АҚ ЕБ және «Қазкоммерцбанк» АҚ сияқты жергілікті және шетелдік банктерде корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімшелерді басқарды. FHB-ке дейін Пирматов Еуропалық қайта құру және даму банкінде (ЕҚДБ) жетекші банкир болып жұмыс істеді, өнеркәсіп, коммерция, агробизнес және табиғи ресурстар секторында ірі корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу үшін жауапты болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз