Шварценеггерге шабуыл жасалды (видео)

0
77
Арнольд Шварценеггер күзетшілерімен. Сурет: ENCA

18 мамыр күні атақты актер, бодибилдер Арнольд Шварценеггерге шабуыл жасалды. Оқиға Оңтүстік Африка Республикасында болған. Бұл туралы ENCA агенттігі хабарлады. 

ОАР-ға актер өзінің дәстүрлі Arnold Classic бодибилдинг байқауын өткізу үшін барған еді. YouTube арқылы тараған роликте бұзақы Шварценеггердің ту сыртынан шабуылдаған.

Телефонға сайыс сәттерін түсіріп, қаннен қаперсіз тұрған актерге жүгіріп жеткен біреу секіріп тұрып, арқасынан қос аяқтап тепкен. Бірақ “темір Арни” сәл ғана тәлтіректеп барып, екі аяғында тік тұрып қалды. Бір сәтке мүлгіген күзет қызметі сайыстың салтанатын бұзған адамды жерге жығып, қолын арқаға қайырды. Актердің өзіне келер болсақ, ол аман-сау, жарақат алмаған және әзірге денсаулығына шағым да айтпаған.

Актер өзінің twitter парақшасында шабуылдан кейін қолдау көрсеткен ОАР халқына алғыс айтты.

Сурет Арнольд Шварценеггердің Twitter парақшасынан алынды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз