Шымкентте үйдегі жарылыстан екі адам зардап шекті

0
87
Жарылыс болған үйдің алдында тұрған көлік. Забадам шағын ауданы, Шымкент, 11 ақпан 2019 жыл.

11 ақпан күні Шымкент қаласының Еңбекші ауданы Забадам шағын ауданындағы жеке тұрғын үйде болған жарылыстан зардап шеккен екі адам қалалық ауруxананың жан сақтау бөліміне түсті. 

Жарылыс болған үйдің маңын таңертең полиция қоршауға алған. Оқиға орнында құқық органдары, медициналық жедел жәрдем мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері мен әскерилер жүр.

Шағын ауданның тұрғыны Салима Өскенбаеваның айтуынша, таңғы сағат он жарымдар шамасында қатты жарылыс даусы естілген.

“Қатты қорқып кеттік. Жедел жәрдемнен кейін үйдің жан-жағын жарты сағаттың ішінде полиция қоршап алды” дейді ол.

Тұрғындардың сөзінше, жарылыс болған жеке тұрғын үйде үш баласы бар жас отбасы тұрған. Оқиға болған кезде екі баласы балабақшада, үшіншісі мектепте болған. Әйелі жұмысқа кеткен.

Жарылыс салдарынан жарақат алған екі адам жедел жәрдем көлігімен Шымкенттегі №1 қалалық ауруxананың жан сақтау бөліміне жеткізілген. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендерге ота жасалып жатқанын xабарлады.

Азаттық радиосының хабарлауынша, Шымкент қалалық полиция департаменті жарылыстың себебі анықтап жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз