СІМ: Индонезияда апат болған ұшақта қазақстандықтар жоқ

0
66

Индонезияда теңізге құлаған жолаушылар ұшағында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хатшысы Айбек Смадияров хабарлайды.

Айбек Смадияров баспасөз конференциясында «Индрнезиядағы Қазақстанның елшілігі мен Төтенше жағдайлар органының алдын ала мәліметтері бойынша, аталмыш ұшақтың жолаушылары арасында Қазақстан азаматтары жоқ», – деп мәлімдеді. 

Айта кетейік, бүгін таңертең Индонезияда Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Индонезия құтқару комитетінің мәліметі бойынша әуеге көтерілгеннен кейін 13 минут өткенде байланыс үзілген ұшақ теңізге құлаған.

Риа Новостидің мәліметінше апаттан аман қалған адам жоқ. Қазіргі уақытта құтқарушылар апатқа ұшыраған адамдардың мүрделерін іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз