СІМ: Канадада қазақстандық студент қайтыс болды

0
151
Канадада қаза тапқан қазақстандық студент Дамир Құсайын. Photo: video grab.

Канаданың Сентенниал колледжінде білім алып жатқан қазақстандық студент жол апатынан мерт болды. Бұл туралы Қазақстан сыртқы істер министрлігігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Торонто қаласы полициясының ақпаратына сәйкес, 22 желтоқсан күні кешкісін Торонто қаласының Скарборо ауданында жүргізуші көлігін басқара алмай, жаяу жүргінші жолында кетіп бара жатқан үш студентті қағып кеткен. Екі студент қаза тапты, біреуінің жағдайы өте ауыр. Полиция ақпаратына сәйкес, қаза тапқан студенттің бірі Қазақстан азаматы, Сентанниал колледжінің білім алушысы”, – деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметіне сәйкес, апаттан зардап шеккен қалған екеуі ағайынды қытайлық студенттер. Олардың бірі қайтыс болды.

“Үшеуі де ауруханаға түсті, ол жерде 19 жастағы Дамир Құсайын мен Вей Джи Чу қаза болды. Үшінші зардап шеккен 20 жастағы Юн Дже Чуның жағдайы ауыр. Алайда алған жарақаты өміріне қауіп төндірмейді”, – деп хабарлады Global News полицияға сілтеме жасап.

Дипломатиялық ведомство бұл мәселені бақылауына алды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз