СІМ: Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтарды елге оралуға шақырамыз

0
104

Корея Республикасының Үкіметі 2018 жылдың қазан айынан 2019 жылдың 31 наурызына дейін өз аумағында заңсыз жүрген шет ел азаматтарына “Жасыл дәліз” режимін енгізгенін жариялады. Осы шара аясында қазіргі уақытта Корея Республикасы аумағында 30 күннен көп жүрген және тиісті визасы немесе жұмыс істеуге рұқсаты жоқ азаматтар алты ай мерзімінде өз елдеріне тосқауылсыз оралуына болады. Бұл жағдайда оларға ешқандай айыппұл шаралары қолданылмайды. Тиісті виза алғаннан кейін Кореяға заңды түрде кіруге мүмкіндік алады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан азаматтары аталған мерзімде Корея аумағынан өз еркімен шығу үшін Оңтүстік Корея халықаралық әуежайының иммиграциялық қызмет өкілдіктеріне алдын ала алынған билеттерімен ҚР паспортымен немесе қайта оралу куәлігімен баруы қажет.

2018 жылдың қазан айынан бастап  Оңтүстік Кореяның иммиграциялық билік өкілдері полициямен бірлесіп елде заңсыз жүрген имигранттарды қолға түсіру үшін қатаң рейттерді бастады. Осы рейттер барысында елде заңсыз жүрген шет ел азаматтарын қолға түсірген жағдайда оларға заң бұзушылар ретінде тиісті әкімшілік шараларды қолданатын болады. Рейт барысында қолға түскен шет ел азаматтары шамамен жиырма миллион корей вонына дейін (6,5 миллион теңге) айыппұл салынып, Корея Республикасының аумағына 10 жылға дейін кіруге тыйым салынады.

Осы ретте ҚР Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарын “Жасыл дәліз” шарасын пайдалана отырып өз еркімен отанға оралуға шақырады.

Өз еркімен шығу акциясы Кореяның иммиграциялық заңнамасын бұзушыларға, әкімшілік жауапкершіліктен құтылуға және болашақта Корея Республикасына заңды түрде қайта кіруіне мүмкіндік береді. Бұл мүмкіндікті пайдалана отырып шет елдерде орнатылған заңдарды құрметтеу үшін шет елге шығатын Қазақстанның барлық азаматтарын төтенше жағдайлар туындаған жағдайда ҚР жақын маңайда орналасқан шет елдегі мекемелеріне хабарласуларын сұраймыз. Ұзақ уақытқа, жұмысқа, оқуға немесе жеке мақсаттарымен шет елдерге шыққан ҚР азаматтарына еліміздің тиісті елшіліктері мен консулдықтарында тіркелу керектігін еске саламыз. 

 

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз