Сирия қарулы оппозициясы Идлибке қатысты келіссөздерге қанағаттанды

0
66
photo: KAZAKNEWS.KZ

Сирия қарулы оппозициясы Астана процесінде Идлибтегі жағдайды талқылау бойынша келіссөздердің қорытындысын қалыпты бағалайды. Бұл туралы 29 қарашада Сирия бойынша өткен Астана процесінде Сирия қарулы оппозициясының басшысы Ахмад Тома мәлім етті.

photo: KAZAKNEWS.KZ

“Идлибке байланысты келіссөздер жақсы өтті”, – деп мәлімдеді А. Тома.

Делегация басшысының сөзінше, Сирия халықаралық келіссөздері бойынша тұтқынға алынғандарды босату жайы жалғасатындығын оппозиция өкілдері күтетінін алға тартты.

photo: KAZAKNEWS.KZ

“Конституциялық комитетке қатысты біз қалыпты нәтижеден үміттіміз, дегенмен, бұл процесс баяу жүріп жатыр”, – деп мәлімдеді А. Тома. Делегация басшысының айтуынша, келіссөздердің кезекті раунды түйінделгеннен кейін де тұтқынға алынғандарды босату жұмысы жүйелі түрде жүретіндігіне Сирия оппозициясы сенім артады.

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз